Назарыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар сериясын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонақтары әлеуметтанушы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Қисыбай және әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев.
Бұл эпизодта біз әулет, отбасы ұғымдары, отбасы мүшелерінің өмірбаянын үйренудің әлеуметтік мағынасы, урбанизацияның отбасы институтына әсері, отбасы тарихы мен ресми тарихтың азаматтар тарапынан қабылдануы, әйелдердің отбасылық тарихты ұрпақтан ұрпаққа жеткізудегі рөлі секілді тақырыптарда әңгіме қозғадық.
Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/) жарияланған.
CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды.
Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.