podcast

5. Наразылықтар және нарративтер

03.06.2024
Listen to the episode on your favorite platforms:
  • Apple Podcasts
  • Yandex Music
  • Spotify
  • Castbox
  • Pocket Casts
  • Overcast
  • Castro
  • RadioPublic

Дәрісті саясаттану ғылымдарының докторы Асел Доолоткельдиева жазды. Дәрісті оқыған Жанна Қапасова.

Дүниежүзі тарихы халықтық революциялар мен әлеуметтік қозғалыстар төл қоғамын өзгеріске бастап, демократияның орнауына жол ашқан талай оқиғаны өз жадына сақтады. Десе де, екінші шетінен, авторитарлық режимдердің ең көп әлеуметтік наразылықтарға тұсау салғанын да жақсы білеміз. Бұл мақсатта авторитарлық режимдер көптеген құралды пайдаланады. Мысалы олар азаматтардың құқығын шектейтін, қоғам қайраткерлерін қуғын-сүргінге ұшыратып, азаматтардың наразылық шаралары мен шеруге шығу құқығына тұсау салып, оларды легитимділіктен яғни қоғам алдындағы заңдылықтан айыратын заңдарды енгізеді. Қоғамдағы наразылықтар туралы не айтылады және қалай айтылады - бұл автократтардың қолындағы ықпал етудің маңызды құралдарының бірі. Бұл туралы біз бүгінгі эпизодта айтатын боламыз. 

Жаңа эпизодтарды жіберіп алмау үшін подкастқа жазылуды ұмытпаңыз.

Эпизодта қолданған аудио келесі ақпарат көздерінен алынған:

  1. Информбюро «Шерушілер әкімдікке басып кірді! Алматы түніндегі наразылықтар», 5 қантар 2022 ж.
  2. Информбюро «"Неге?" ток-шоуы: Түрлі-түсті революциялардан нәтиже бар ма?», 18 қазан 2020 ж.
  3. Новости тренды «ЛЮДИ ПРОГНАЛИ ВОЕННУЮ ТЕХНИКУ! БТР УЕЗЖАЕТ! ПЕРЕВОРОТ В КАЗАХСТАНЕ.» 5 қантар 2022 ж.
  4. Tiktok @oksanashevchuk89
  5. Tiktok @polprednarodarossia
  6. YouTube-арна: Владимир Милов «Оранжевая революция, Революция Роз, Революция Тюльпанов — главный страх Путина» 4 мамыр 2023 ж.