arrow
podcast

Маусымашар. "Әжелердің әңгімесі" не туралы?

24.12.2022
Сүйікті платформалардағы эпизодты тыңдаңыз:
  • Apple Podcasts
  • Google Podcasts
  • Spotify
  • Castbox
  • Pocket Casts
  • Overcast
  • Castro
  • RadioPublic

Cәлем, тыңдарман! «Әжемнің әңгімесі» подкастының 2-маусымына қош келдіңіз! Араға 1,5 жыл салып жаңа эпизод жазуға себеп болдыңыздар, рақмет) Қалай дейсіз бе? Былай...

Жақын адамымның дауысын, естелігін жазып сақтау мақсатында басталған жоба сіздерге қызық болады, танымал болады деп ойламаған едім. "Әжемнің әңгімесі" қазақтілді аудиторияға танылып, жазғы демалыста Қазақстанға барғанда подкастер ретінде түрлі шараға шақырып, жаңа эпизод қашан болады деп сұрағандар көп болды. Әжеме айтып едім, бірден қолдады. Спойлер: жаңа маусымда әжем екеумізден басқа жаңа кейіпкерлердің де дауысын ести аласыз)

Ал жаңа маусымда әже(лер)мен соңғы уақытта қоғамда талқыланып жүрген жаңа тақырыптар туралы сөйлесеміз. Дайын болсаңыз, әжемнің жаңа әңгімелерін бірге тыңдайық.

  • Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды.
  • "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбекке, журналист Айгерім Амалбек пен Абылайхан Өмірбаевқа жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.

Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.

Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!

Махаббатпен #маражо

Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін: