arrow
podcast

XX ғасырдың тарихы 1991 жылдан бастап саяси жадта қалай еске сақталды?

24.07.2023
Сүйікті платформалардағы эпизодты тыңдаңыз:
  • Apple Podcasts
  • Google Podcasts
  • Spotify
  • Castbox
  • Pocket Casts
  • Overcast
  • Castro
  • RadioPublic

Назарларыңызға CoolTóbe подкастының Terek Story жобасына арналған кезекті эпизодын ұсынамыз. Бұл шығарылымның қонағы- зерттеуші, Берікбол Дукеев.   Бұл эпизодта біз қонағымызбен жады саясаты және оның тарих оқулықтарымен қиылысы мәселелерін, жаһанданудың қарқынды жүруіне қарамастан адамның өз шығу тарихына деген қызығушылығы артуын, сондай-ақ қазақтан басқа этникалық топтардың тарихы, қандастардың тарихқа қосқан үлесі мен күнделік жазу әдеті жайында жан-жақты талқыладық.   Terek Story – Aul.Inspired және Саяси шешімдер орталығының біріккен бірегей бастамасы. Бұл жоба отбасылық әңгімелерді жазу мен жинақтауға, оларды жас ұрпаққа жеткізуге, буындар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға және құнды оқиғалармен бөлісу алаңын құруға бағытталған. Қазіргі таңда еліміздің сан қиырындағы әртүрлі әулет тарихынан сыр шертетін әсерлі әңгімелер мен ерек естеліктер біздің инстаграм және фейсбук парақшамызда @terekstory, сондай-ақ Саяси шешімдер орталығының сайтында (https://policysolutions.kz/) жарияланған.   CoolTobe подкастының Terek Story жобасына арналған эпизодтар желісі Америка Құрама Штаттарының Дипломатиялық миссиясының Түлектер гранты бағдарламасы және National Alumni Network-тың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды. Подкаст барысында айтылған спикерлер пікірі жоба ұйымдастырушылары мен серіктестерінің: Америка Құрама Штаттары елшілігінің және National Alumni Network-тың ұстанымын білдірмейді.