Бұл эпизодта Дина әже феминизм, еркек пен әйелдің теңдігі туралы сөз қозғайды. Үш ұрпақтың сабақтастығы арқылы гендерлік теңдіктің қазақ қоғамында қалай көрініс тапқанын баяндайды.
Эпизодта:
- 16 жасында 47 бас қалыңмалға сатылған Таңсық әженің тағдыры, оның 20 баланы өмірге әкелуі баяндалады.
- Өзінен 20 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққан Дина әженің анасы Күлімханның оқиғасы айтылады.
- Дина әже КСРО кезінде қалай отбасын құрғаны туралы әңгімелеп, қазіргі жастардың арасындағы түсініспеушілік пен теңсіздік неден болып жатқанына болжам жасайды.
Эпизод көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
- Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды.
- "Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Махаббатпен #маражо
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
Smart linkhttps://podcast.kz/e/7gLSt~yLTSO
Auto-openhttps://podcast.kz/e/7gLSt~yLTSO?a
Add podcast to the siteEmbed Podcast