Дәрісті саясаттану ғылымдарының докторы, КИМЭП университетінің профессоры Нұрсейіт Ниязбеков жазды. Дәрісті оқыған Жанна Қапасова.
1991 жылдың соңында КСРО ыдырап, кенеттен тәуелсіздік алған Қазақстан қоғамы абдырап қалды. Егемен ел атанғандағы қуанышты елдің даму бағытындағы белгісіздік және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың тереңдеуі жолындағы қорқыныш пен әбігер су сепкендей басты.
Бұл жалпыға ортақ фрустрация саяси және азаматтық бірлестіктер арасында, сондай-ақ ешқандай бірлестікке мүше емес азаматтар арасында наразылық белсенділігінің күрт артуына әкелді. Қазақстандағы әлеуметтік қозғалыстар қалай тоқсаныншы жылдардан қалай ұлғаяды осы эпизодтан біле аласыз.
Жаңа эпизодтарды жіберіп алмау үшін подкастқа жазылуды ұмытпаңыз.
Эпизодта қолданған аудио осы дереккөздерден алынған:
1. Azattyq «Вид на стрельбу в Жанаозене с крыши», 23 қантар 2012 ж.
2. ATV Plus «Будка гласности». Алма-Ата. 1993 год, 20 қантар 2014 ж.
3. Love Astana «Торжественная присяга Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева г Алматы, 10 декабря 1991 года», 12 желтоқсан 2016 ж.